14.04.2014, 19:32 14896

ҚР Президенті мен Бахрейн Королі екіжақты ынтымақтастық жайын талқылады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Бахрейн Королі Хамад бен Иса әл-Халифпен кездесті.

Алматы. 14 сәуір. Kazakhstan today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Бахрейн Королі Хамад бен Иса әл-Халифпен кездесті.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты жетілдіру мен сауда-экономикалық, қаржылық-инвестициялық, көліктік- коммуникациялық және ауыл шаруашылығы саласы талқыланды, деп Ақордада хабарлады.

Мемлекет басшылары аймақтық және халықаралық ұйымдар аясында халықаралық күн тәртібінің мәселесін талқылады.

Қазақстан Президенті Бахрейн Королінің ресми сапары екіжақты қарым-қатынасты нығайтатындығына сенім білдірді.

"Сіздің тұңғыш рет Астанаға келуіңізге орай, қадамыңызға нұр жаусын дегіміз келеді. Біз екі ел арасындағы қарым -қатынасты жаңа деңгейге көтеру үшін жұмыс істейміз. Өзіңізбен бірге кең ауқымды делегация алып келдіңіз, ол Сіздің Қазақстанға деген үлген сеніміңіз бар екенін көрседі. Жаңа ғана болған бетпе-бет кездесуде бірқатар өзекті мәселелерді талқыладық. Қазақстан Бахрейнді өзінің араб елдері өңірінде маңызды әріптестерінің бірі деп санайды",- деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Елбасы екі елдің де Тәуелсіздік күні 16 желтоқсан екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы мемлекеттердің экономикалық әлеуетін халықаралық аренада беделді болуы бойынша жұмыс істеуге керектігін атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны