28.09.2010, 13:43 3813

ҚР президенті мен Қырғызстанның "Ар-Намыс" партиясының төрағасы қырғыз еліндегі ахуалды тұрақтандыру мәселелерін талқылады

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанның "Ар-Намыс" саяси партиясының төрағасы Феликс Куловты қабылдады. Кездесу барысында Қырғызстандағы жағдайды тұрақтандыру мәселесі және ЕҚЫҰ-ның қауіпсіздікті нығайту саласындағы рөлі талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 28 - қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанның "Ар-Намыс" саяси партиясының төрағасы Феликс Куловты қабылдады. Кездесу барысында Қырғызстандағы жағдайды тұрақтандыру мәселесі және ЕҚЫҰ-ның қауіпсіздікті нығайту саласындағы рөлі талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Кездесу аяқталғаннан кейін журналистерге арналған брифингте Ф.Кулов ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасының Қырғызстандағы жағдайды реттеуге қосқан маңызды үлесін айта келіп, Қазақстан Президентінің туыстас республикаға гуманитарлық және экономикалық көмек көрсетудегі рөлін ерекше атап өтті, деп атап көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны