14.05.2008, 10:30 1217

ҚР президенті мен Корея Республикасының премьер-министрі екі елдің өзара экономикалық іс-қимыл мәселелерін талқылады

ҚР президенті мен Корея Республикасының премьер-министрі екі елдің өзара экономикалық іс-қимыл мәселелерін талқылады

Астана. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ҚР президенті мен Корея Республикасының премьер-министрі екі елдің өзара экономикалық іс-қимыл мәселелерін талқылады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, кездесу барысында екі ел арасындағы экономикалық өзара іс-әрекет, сондай-ақ мұнай-газ секторы мәселелері талқыланды. Қазақстанның корея бизнесінің елді индустрияландыруға белсенді қатысуына, жаңа инновациялық өндіріс орындары мен технологияларды құруға ашық екендігі аталып өтілді.

Корея премьер-министрі Қазақстанмен және жалпы Орталық Азия аймағымен экономикалық ынтымақтастықтың кеңеюіне деген өз қолдауын білдірді.

"Премьер-министр Қазақстан басшысына Корея Республикасы президенті Ли Мён Бактың жолдауын табыс етті. Жолдауда Елбасын Оңтүстік Кореяға ресми сапар жасауға қатысты шақыру бар. Нұрсұлтан Назарбаев шақыруды ықыласпен қабыл алып, өз кезегінде Астанаға Корея президенті Ли Мён Бакты да ресми сапармен келуге шақырды", - деп атап көрсетті баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Корея Республикасының билік басындағы "Ханнара" партиясының басшылығын жуық арада өткен парламенттік сайлаудағы жеңісімен, ал Хан Сын Суды елдің премьер-министрі қызметіне тағайындалуымен құттықтады.

"Сіздің мол саяси тәжірибеңіз Қазақстан-Корея қарым-қатынасының жақсара түсуіне мүмкіндік туғызады деп сенемін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны