08.12.2010, 17:37 4030

ҚР президенті мен РФ Жиналысы Федералдық Кеңесінің төрағасы ТМД аумағында БЭК құру жөніндегі мәселелерді талқылады

ҚР президенті мен РФ Жиналысы Федералдық Кеңесінің төрағасы Сергей Миронов ТМД аумағында БЭК құру жөніндегі мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 8 - желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР президенті мен РФ Жиналысы Федералдық Кеңесінің төрағасы Сергей Миронов ТМД аумағында БЭК құру жөніндегі мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федералдық Жиналысы Федералдық Кеңесінің төрағасы қабылдады. Иңгімелесу барысында екі жақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды",- деп айтылған хабарламада.

"Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен әңгімелесу барысында біздің елдеріміз арасындағы екі жақты қарым-қатынастардың әртүрлі мәселелері бойынша пікір алмастық. Біз сондай-ақ ТМД аумағындағы бірыңғай экономикалық кеңістікті құру мәселесін талқыладық. Нұрсұлтан Ибішұлы Астанадағы ЕҚЫҰ-ның саммиті кезінде Қазақстан тарапынан атқарылған жұмыстар туралы айтты. Сіздердің елдің күш-жігерінің арқасында өткен саммит Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын жаңа өмірге бастады",- деді С. Миронов.

"Мен Президентті жоғары деңгейдегі осы кездесудің табысты өтуімен құттықтадым. Сонымен қатар, мен Нұрсұлтан Назарбаевпен шын мәнінде өзінің архитектуралық әсемдігімен сүйсінтетін елорда - Астана туралы өз әсерімді бөлістім", - деп атап өтті С.Миронов кездесу қорытындысын жасай келе.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Брюссельде "ЕО - Ресей" саммиті аясында Ресейдің ДСҰ кіру туралы келіссөз процессін аяқтау рәсмі өткен болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны