01.07.2010, 10:47 1454

ҚР Президенті мен Тайыр Мансұров ЕурАзЭҚ-ның Мемлекетаралық кеңесінің алдағы отырысының күн тәртібін талқылады

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, "Т.Мансұров Президентке биылғы жылы шілденің 5-інде Астанада өтетін ЕурАзЭҚ-тың мемлекетаралық кеңесінің отырысын өткізуге дайындығы ( ЕурАзЭҚ-тың және Кедендік одақтың жоғарғы органы) туралы хабарлады. Бұл отырыста Кедендік одақтың күшіне енуі және Кедендік одақ мәселелерін қарау жөніндегі өкілеттікті кеңейтетін ЕурАзЭҚ соттары мәртебесінің жаңа редакциясы жөнінде маңызды құжаттар қабылданатын болады".

Астана. 1-шілде. Kazakhstan Today Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастығының (ЕурАзЭҚ) Бас хатшысы Тайыр Мансұровты қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, "Т.Мансұров Президентке биылғы жылы шілденің 5-інде Астанада өтетін ЕурАзЭҚ-тың мемлекетаралық кеңесінің отырысын өткізуге дайындығы ( ЕурАзЭҚ-тың және Кедендік одақтың жоғарғы органы) туралы хабарлады. Бұл отырыста Кедендік одақтың күшіне енуі және Кедендік одақ мәселелерін қарау жөніндегі өкілеттікті кеңейтетін ЕурАзЭҚ соттары мәртебесінің жаңа редакциясы жөнінде маңызды құжаттар қабылданатын болады".

"ЕурАзЭҚ-тың Бас хатшысы, сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа ЕурАзЭҚ-тың мемлекетаралық кеңесінің төрағасы ретінде Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың 10 жылдығына байланысты ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің мәлімдемесінің мәтіні барлық тараптармен келісілгенін мәлімдеді", - деп көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Иңгімелесу барысында сондай-ақ алда өтетін ЕурАзЭҚ-тың мемлекетаралық кеңесі отырысының күн тәртібі талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны