04.09.2012, 09:06 2918

ҚР президенті ОҚО әкіміне облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс әкімі Мемлекет басшысына Шымкент қаласындағы жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтың құрылысы туралы және қала тұрғындарының санын 1 миллион адамға дейін жеткізу жөніндегі оның тапсырмаларын іске асыру барысы жөнінде баяндады. А.Мырзахметов сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық негізгі көрсеткіштері жайлы және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысы туралы мәлімдеді.

Астана. 4-қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметовті қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс әкімі Мемлекет басшысына Шымкент қаласындағы жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтың құрылысы туралы және қала тұрғындарының санын 1 миллион адамға дейін жеткізу жөніндегі оның тапсырмаларын іске асыру барысы жөнінде баяндады. А.Мырзахметов сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық негізгі көрсеткіштері жайлы және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысы туралы мәлімдеді.

Сонымен қатар, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы іске қосыла бастағаннан бері облыста 31 жоба жүзеге асырылды. Биыл Индустрияландыру картасына 29 жоба енгізілді, оның ішінде 7 жоба биылғы бірінші жартыжылдықта іске қосылды, қалғаны жылдың соңына дейін пайдалануға берілетін болады. Сондай-ақ "Бизнестің жол картасы" бағдарламасын іске асыру аясында 150-ден астам жобаға қолдау көрсетілуде.

Мемлекет басшысы кездесудің қорытындысы бойынша мемлекеттік бағдарламаларды одан әрі тиімді іске асыру және облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны