17.08.2012, 18:30 4778

ҚР президенті олимпияды чемпиондарын жеңістерімен құттықтады

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев XXX жазғы Олимпиялық ойындардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысып, барша қазақстандықтарды Қазақстан ұлттық құрамасының Лондонда өткен XXX жазғы Олимпиялық ойындардағы жеңісімен құттықтады.

Астана. 17-тамыз. Kazakhstan Today - ҚР президенті олимпияды чемпиондарын жеңістерімен құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев XXX жазғы Олимпиялық ойындардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысып, барша қазақстандықтарды Қазақстан ұлттық құрамасының Лондонда өткен XXX жазғы Олимпиялық ойындардағы жеңісімен құттықтады.

"Біздің олимпиадашыларымыздың Лондондағы триумфының мәнін "жеті", "он үш" және "он екі" сандары ашып отыр! Қазақстан спортшылары Олимпиаданың жеті алтынын жеңіп алды. Өткен Пекин Олимпиадасымен салыстырғанда, біздің "олимпиададағы алтын қорымыз" 3,5 есе өсті. Мен, барша қазақстандықтар тәрізді, біздің олимпиадашыларымыздың жеңісінің құрметіне Лондонда еліміздің мемлекеттік Инұраны 7 рет ойналып, Қазақстан Туы 7 рет ең биікке көтерілгенін мақтан етемін. Он үш - біздің спортшыларға тапсырылған олимпиялық медальдардың жалпы саны! Алтыннан басқа, бір күміс және 5 қола медаль бар. Он екі - Қазақстанның осы олимпиададағы спорттық рейтингі", - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті ұлттық құрама Пекиндегі Олимпиаданың қорытындысы бойынша 29 орын алған болса, ал Лондондағы ойындарда жалпы есепте бірден 12 орынға көтеріліп, бұрын-соңды болмаған серпіліс жасағанын атап өтті. Қазақстан 205 ұлттық құрама арасында жетекші спорттық державаның біріне айналды. Нұрсұлтан Назарбаев бұл барша Қазақстан халқының зор жеңісі екеніне тоқталды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Олимпиялық триумфының үш қайнар көзін барын атап өтті. Біріншісі, мемлекеттің дене шынықтыру ісі мен спортты қолдауына негізделген.

Ұлттық құраманың жеңіске жетуінің екінші қайнар көзі - әрбір қазақстандықтың таланты, табандылығы, жеңіске деген ерік-жігері, сондай-ақ озық жаттықтырушылық шеберлік.

Қазақстандық олимпиадашылар табысының екінші қайнар көзі - еліміздің барлық этносының достығы мен Қазақстан халқының бірлігі.

"Қазақстан еңбек қоғамына айналуы қажет. Еңбексіз бақыт та болмайды. Ирбір адам жұмыс істеп, ақша табуға тиіс. Спорттағы табыс та зор еңбек. Олимпиадашылардың жеңісі - еңбексүйгіштіктің, патриотизм мен өз күшіне сенімнің үлгісі. Биылғы олимпиададағы жеңіс мыңдаған жастың жігерін жаниды. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан жазғы және қысқы Олимпиялық ойындардың 63 жүлдегерін, соның ішінде 18 олимпиада чемпионын тәрбиеледі. Ал 116 қазақстандық түрлі әлем чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болды", - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев, сонымен қатар, Қазақстанда 250 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер 418 спорт мектебінде спортпен шұғылданатынын атап өтті.

"Мен біздің спортшыларымыз стадионға жүздеген болашақ чемпионның келуіне үлгі болатынына сенемін. Илемдік спорттағы жетістіктер - мемлекеттің мүмкіндігінің ең жарқын көрінісі. XXI ғасырда тек күшті және денсаулығы мықты ұлт қана бәсекеге қабілетті болады. Сондықтан мен Үкімет алдына 2020 жылға қарай ел халқының 30 пайызын дене шынықтыру ісіне және спортқа тарту міндетін қойдым. Біздің спортшыларымыздың табыстары - саламатты өмір салтының көрнекті насихаты. Егер әрбір қазақстандық біздің олимпиадашыларымыз қол жеткізген мақсатқа ұмтылатын болса, онда Қазақстан міндетті түрде алдыңғы қатарлы елге айналады", - деді Мемлекет басшысы.

Рәсім ұлттық құраманың спортшылары мен жаттықтырушыларын мемлекеттік наградалармен марапаттауға ұласты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны