05.04.2011, 12:18 2744

ҚР президенті өзіне сенім танытқан қазақстандықтарға алғысын білдірді

ҚР президенті өзіне сенім танытқан қазақстандықтарға алғысын білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 5 - сәуір. Kazakhstan Today - ҚР президенті өзіне сенім танытқан қазақстандықтарға алғысын білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында өзіне сенім артқан жақтастарына алғыс білдірді. Мемлекет басшысы зор ниетін кеше елордадағы сайлауалды штабы орналасқан "Нұр Отан" ХДП-ның Орталық аппаратына келіп, білдірген.

"Мен әу бастан биыл өзімнің мынау сайлауға байланысты шаруаларымды жасамай, өзімнің күнделікті жұмысыммен шұғылданамын деп, басқа да кандидаттарға мүмкіншілік, мұрша бердім. Қоғамдық штабты жүргізген мына тұрған Сіздерге шын жүрегімнен ризашылығымды, рахметімді айтамын. Осындай штабтар облыстарда, аудандарда, ауылдарда жұмыс істеді. Баршаңызға зор рахмет", - деді Н.Назарбаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы өзін қолдаған 29 мың сенімді уәкілдеріне шын көңілден алғыс білдірді. Бұл орайда әсіресе сайлау барысында белсенділік танытқан жастарға алғыс айтты. "Себебі істеп жатқан шаруаның барлығы бүгінгі жастардың, тәуелсіздіктің құрдастарының болашағы үшін жасалып жатыр. 88 мың волентер жұмыс істеген баршаңызға шын жүрегіммен рахметімді айтамын. Барлық халыққа, комиссия мүшелеріне, айта берсе, бүкіл қазақстандық азаматтарға зор, шексіз, мың рахметімді айтамын", - деді Елбасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны