01.09.2010, 13:34 3754

ҚР президенті парламентке көші-қон туралы заңды қарап, қабылдауды тапсырды

Бүгін төртінші сайланған ҚР Парламентінің төртінші сессиясын ашу барысында елбасы Нұрсұлтан Назарбаев парламентке көші-қон туралы заңға енгізілетін өзгерістерді қарап, қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 1 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін төртінші сайланған ҚР Парламентінің төртінші сессиясын ашу барысында елбасы Нұрсұлтан Назарбаев парламентке көші-қон туралы заңға енгізілетін өзгерістерді қарап, қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Халықтың көші қоны туралы", "Азаматтарды тұрғылықты орны бойынша тіркеу жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер енгізу туралы" заң жобаларын қабылдау қажет",- деді Н. Назарбаев.

"Айналамыздағы тұрақсыздық террористік ұйымдардың белсенді бола түсуі, есірткі трафигі - осының барлығын ескере отырып, біз елімізге кім келіп, кім кетіп жатқанын білуіміз керек. Қазір бұл бағытта біршама тәртіп орнатудамыз"- деп атап өтті президент.

"Елімізде көптеген ұйымдар көші-қон ісімен айналысуда. Бірақ олардың ешқайсы бізге қанша адам келіп-кеткенін айтып бере алмайды. Сондықтан да біз осы жұмысты бір орынға шоғырландырдық",- деген елбасы сәйкес заңнамалық нормалардың қабылдануы тиістігін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны