12.12.2013, 18:05 2580

ҚР Президенті Премьер-Министрдің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрімен кездесті

Премьер-Министрдің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі тұжырымдаманы әзірлеу барысында барлық өңірлер мен салалар бойынша кешенді зерттеулер жүргізілгені туралы хабарлады.

Алматы. 12 желтоқсан. Kazakhstan today. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министрдің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешевпен кездесу өткізді, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"И.Исекешев министрліктің қазіргі қызметі мен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша кәсіпкерлердің Ұлттық палатасымен бірлесіп әзірленген индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының келесі бесжылдық жоспарының тұжырымдамасы туралы баяндады", - делінген хабарламада.

Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылдың соңында бағдарламаның алғашқы бесжылдығы аяқталып, алға қойылған барлық міндеттер орындалатынын айтты. Мемлекет басшысы екінші бесжылдық жоспар аясында инновацияға және мүлде жаңа тәсілдерге ерекше көңіл аударылатынын атап өтті.

Премьер-Министрдің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі тұжырымдаманы әзірлеу барысында барлық өңірлер мен салалар бойынша кешенді зерттеулер жүргізілгені туралы хабарлады. Талдау қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық саясаттағы өзгерістерді қосқанда, бағдарламаны табысты іске асыру үшін қызметтің негізгі бағыттары анықталды. Сондай-ақ, мемлекеттік қолдау шаралары мен басымдығы бар секторлар тобы белгіленген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны