30.11.2015, 14:45 7213

ҚР Президенті Ресей мен Түркия арасында комиссия құрып, қарым-қатынасты қалпына келтіруге шақырды

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан жаӊа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму" атты Қазақстан халқына Жолдауында Ресей мен Түркия арасында орын алған оқиғаға байланысты комиссия құрып, қарым-қатынасты қалпына келтіруге шақырды

Астана. 30 қараша. Kazakhstan Today - Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан жаӊа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму" атты Қазақстан халқына Жолдауында Ресей мен Түркия арасында орын алған оқиғаға байланысты комиссия құрып, қарым-қатынасты қалпына келтіруге шақырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"БҰҰ мінберінен мен терроризммен күрестіӊ бүкіләлемдік желісін құруды ұсындым. Біз Ресей мен Түркия арасында орын алған оқиғаларға қатты қобалжимыз. Бізге осы оқиғаныӊ барлық мәселелері әлі белгілі емес. Дегенмен, Ресейдіӊ бомбалаушы ұшағы Түркияға шабуылдаған жоқ, Түркияға бағыт алған да жоқ, террористермен күреске бағыт алған болатын - бұл факт. Күрестегі достар, одақтастар ретінде олар ортақ тіл табысып, ғасырлар бойы қалыптасқан қарым-қатынасқа сызат түсірмеулері керек еді", - деді Н. Назарбаев, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Мен - Ресей мен Түркияныӊ позицияларын бір-біріне жақындату мақсатында көптеген жылдар бойы жұмыс істеген, оларды достас мемлекет атандыруға тырысқан адаммын. Демирел Үкіметінен бастап Ельцин Президенттігіне дейін сондай жұмыстар атқарылды. Ал осы көптеген жылдар бойы жасалған жұмыстар бір сәтте ғана құрып кетуі мүмкін. Қанша қиын болса да, мен бірлескен комиссия құрып, оныӊ жұмысы бойынша кінәліні тауып, жазалап, қарым-қатынасты қалпына келтіруге шақырамын. Мен біздіӊ достарымызды, Ресейді де, Түркияны да осыған шақырамын", - деді Н. Назарбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны