05.07.2011, 17:28 3773

ҚР президенті саяси мемлекеттік қызметкерлердің ант қабылдау салтанатты шарасына қатысты

"ҚазАқпарат" агенттігінің хабарлауынша, алғашқы болып ант қабылдаған Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Асхат Дауылбаев: "Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз отаным - Қазақстан Республикасын экономикалық және рухани дамыту ісіне бар күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекеттерімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық пен ұлтаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен әлемдік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант беремін", - деді.

Астана. 5 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Ақордада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев саяси мемлекеттік қызметкерлердің ант қабылдау салтанатты шарасына қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"ҚазАқпарат" агенттігінің хабарлауынша, алғашқы болып ант қабылдаған Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Асхат Дауылбаев: "Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз отаным - Қазақстан Республикасын экономикалық және рухани дамыту ісіне бар күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекеттерімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық пен ұлтаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен әлемдік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант беремін", - деді.

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Асхат Дауылбаев, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасы Илихан Бәйменов, Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов, Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков, Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев, Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов, Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова, Көлік және коммуникация министрі Берік Қамалиев, Туризм және спорт министрі Талғат Ермегияев, Экономикалық интеграция істері жөніндегі министр Жанар Айтжанова, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры Аманжол Жанқұлиев, Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченко, Алматы облысының әкімі Анзар Мұсаханов, Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан халқы мен ел президентіне салтанатты түрде ант берді, деп хабарлайды ҚР президентінің баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны