27.04.2015, 19:43 3369

ҚР Президенті сайлауы Конституция талаптарыныӊ сақталуымен өткізілді - ҚР Бас прокуратурасы

Қазақстан Республикасы Президентініӊ кезектен тыс сайлауы Қазақстан Республикасы Конституциясыныӊ және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заӊы талаптарыныӊ сақталуымен өткізілді

Астана. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Президентініӊ кезектен тыс сайлауы Қазақстан Республикасы Конституциясыныӊ және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заӊы талаптарыныӊ сақталуымен өткізілді, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасыныӊ баспасөз қызметінен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Электоралдық кезеӊдегі қадағалау қызметініӊ нәтижесі Қазақстан Республикасы Президентініӊ кезектен тыс сайлауы Қазақстан Республикасы Конституциясыныӊ және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заӊы талаптарыныӊ сақталуымен өткізілді деп тұжырымдауға мүмкіндік береді", делінген хабарламада, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасыныӊ Бас прокуратурасы Конституцияға сәйкес болып өткен Қазақстан Республикасы Президентініӊ кезектен тыс сайлауы барысында заӊдылықты қамтамасыз ету бойынша қажетті барлық шараларды қабылдады.

"Жүргізілген қадағалау іс-шараларымен сайлау комиссиялары немесе мемлекеттік органдар тарапынан қандай да бір бұзушылықтар анықталған жоқ", деп атап өтілген хабарламада.

Сайлау науқанында прокуратура органдарына сайлаумен байланысты небәрі 4 өтініш түсті, олардыӊ 3-уі заӊнаманы бұзу фактілері туралы ақпарат немесе шағымдарды қамтымаған. Екі өтініште заӊдардыӊ нормаларын түсіндіру сұранысы мазмұндалған, үшіншісінде президенттікке кандидаттарға заӊнамамен қойылған кейбір талаптармен келіспейтіні айтылған. Бұл 3 өтініш құзыреті бойынша Орталық сайлау комиссиясына мәні бойынша қарау үшін жолданды.

Сондай-ақ сайлау күні Семей қаласыныӊ прокуратурасына бір отбасы жұбыныӊ арызы келіп түсті, онда олар тұрғылықты жері бойынша учаскеніӊ сайлаушылар тізімінде болмауына шағымданған. Дегенмен, олардыӊ тиісті аумақта тұратындығы расталғаннан кейін оларға өздерініӊ сайлауға қатысуға конституциялық құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндігі берілді.

"Дауыс беру күні қандай да бір елеулі бұзушылықтарсыз, тыныш жағдайда өткенін атап өтеміз. Дауыс беру күні қарсаӊындағы кезеӊде тек қана сайлау алдындағы үгітті өткізу, сондай-ақ қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерiн жариялау шарттарыныӊ жекелеген бұзушылықтары тіркелген, олар бойынша алдын алу сипатындағы шаралар қолданылды", делінген хабарламада.

Мысалы, ағымдағы жылғы 30 наурызда Алматы қаласыныӊ прокуратурасы "Фэйсбуктегі" өздерініӊ парақшаларында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардыӊ ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін пікір айтуға жол берген екі азаматқа заӊды бұзуға жол берілмейтіні туралы алдын ала ескерту жариялады. Сайлау заӊнамасыныӊ бұзушылық фактілері бойынша әкімшілік және/немесе қылмыстық істер қозғалған жоқ.

Бүкіл электоралдық кезеӊде Қазақстан Республикасыныӊ соттарына сайлау процесіне қатысты 7 арыз түсті, олардыӊ 1-уі кері қайтарылды, 3-уі бойынша қабылдаудан бас тартылды, 1-і қараусыз қалдырылды және 1 шағым бойынша әкімшілік өндіріс тоқтатылды.

Мәселен, ағымдағы жылғы 20 сәуірде С.Итеғұлов Орал қаласыныӊ мамандандырылған әкімшілік сотына оныӊ сайлаушылар тізімінде жоқ болуына шағымданды және кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартуды сұрады. Сот С.Итеғұловтыӊ сайлаушылар тізіміне қосылғанын анықтады, ал сотқа жүгінуге Call-орталықтыӊ операторынан алынған ақпаратты қате түсіну фактісі себеп болған. 21 сәуірде әкімшілік өндіріс құқық бұзушылық оқиғасыныӊ болмауына байланысты тоқтатылды.

"Келтірілген деректер, сондай-ақ сайлау заӊнамасыныӊ бұзушылықтары туралы қандай да бір шағымдардыӊ болмауы өткен сайлау процесініӊ барынша айқындығын және заӊдылығын көрсетеді", деп түйінделген ҚР Бас прокуратурасыныӊ мәлімдемесінде.

Салыстыру үшін айта кетсек, алдыӊғы президенттік сайлау барысында (2011 жылғы сәуір) прокуратура органдарында 87 өтініш қаралған, анықталған бұзушылықтар бойынша 16 әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс қозғалған, 2012 жылғы қаӊтарда өткен парламенттік сайлау барысында прокуратураға 536 арыз түскен, 76 прокурорлық қадағалау актілері енгізілген, 45 әкімшілік істердіӊ қозғалған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны