13.06.2012, 15:35 2819

ҚР президенті шілде айының басында ҮИИД бағдарламасының нақты қол жеткен басты көрсеткіштерін тексеретін болады

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовті қабылдады.

Астана. 13-маусым. Kazakhstan Today - ҚР президенті шілде айының басында ҮИИД бағдарламасының нақты қол жеткен басты көрсеткіштерін тексеретін болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовті қабылдады.

К.Мәсімов Қазақстан Президентіне елдің ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы баяндады.

Мемлекет басшысы бірінші жартыжылдықтағы елдің даму қорытындылары туралы есепті дайындаудың маңызды екенін атап өтті.

"Шілде айының басында мен елдің Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша міндеттердің орындалу сапасы мен негізгі көрсеткіштердің нақты нәтижесін тексеретін боламын. Сонымен қатар, егіс науқаны аяқталды, алда астық жинау науқаны. Оны тиімді өткізудің маңызы зор. Сондай-ақ, алдағы қысқы жылыту маусымына дайындықты қазірден бастау қажет. Осы және өзге мәселелер бойынша тиісті тапсырма беру керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Премьер-Министр өз кезегінде кеше Парижде Қазақстанның "Ехро-2017" көрмесін өткізу туралы тапсырысының таныстырылымы болып өткенін мәлімдеді. Таныстырылым Қазақстан Президентінің бейнеүндеуімен басталды.

"Сіздің сөзіңіз өте жақсы қабылданды және Мемлекет басшысының аталған іс-шараны өткізуге басты назарын аударып отырғандығының нақты дәлелі болды. Бұл зор жетістік және Қазақстанның көрмені өткізуге деген мүмкіндігін едәуір арттырады. Жалпы, таныстырылым табысты өтті деп есептеймін. Сондай-ақ Бельгияның тапсырысы қаралды. Ол айтарлықтай бәсекелес. Нақты шешім 22 қарашада қабылданатын болады", - деді К.Мәсімов.

Осыған байланысты Президент дауыс беру туралы шешім қабылданар алдында Қазақстанның таныстырылымын сапалы дайындауды тапсырды.

Мемлекет басшысы кездесудің қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің алдына бірқатар міндет қойып, нақты тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны