13.10.2011, 16:15 4202

ҚР президенті Шымкенттің индустриялық аймағында болып, инвестициялық жобалармен танысты

Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Арт Құрылыс" ЖШС-нің темірбетон бұйымдарының өндірісі жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру барысымен, "Ferrum-Vtor" ЖШС-нің сұйық шыны және силикат үйіндісінің өндірісі жөніндегі цехпен, сондай-ақ өнеркәсіп салаларына мамандарды қайта даярлау жөніндегі оқу орталығымен танысты.

Шымкент. 13-қазан. Kazakhstan Today - ҚР президенті Шымкентке барған жұмыс сапары аясында өңірдің индустриялық аймағында болып, инвестициялық жобалармен танысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, президент Нұрсұлтан Назарбаев "Арт Құрылыс" ЖШС-нің темірбетон бұйымдарының өндірісі жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру барысымен, "Ferrum-Vtor" ЖШС-нің сұйық шыны және силикат үйіндісінің өндірісі жөніндегі цехпен, сондай-ақ өнеркәсіп салаларына мамандарды қайта даярлау жөніндегі оқу орталығымен танысты.

Өнеркәсіп аймағының аумағында 30-дан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Жобаларға қойылатын негізгі талап - заманауи өндіріс және бәсекелес өнім талабына сай болу. Басым бағыттар қатарында - битум минералдарынан алынған мұнай өнімдерінің өндірісі, минералды және химиялық тыңайтқыштар, пневматикалық және резеңке шина, қағаздар, картон, целлюлоза мақтасы, кірпіш, блок, плита және өзге де құрылыс материалдары, сондай-ақ құрылыс жабдықтары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны