10.06.2010, 15:15 2960

ҚР Президенті ШЫҰ-ға мүше елдер Мемлекет басшыларының саммитіне қатысу үшін Ташкентке аттанды

Бүгін Қазақстан Президенті Мәжіліске қатысуға келген ШЫҰ-ға мүше елдердің Мемлекет басшыларымен бірге Өзбекстан өнер шеберлерінің концертін тамашалайды.

Алматы. 10-маусым. Kazakhstan Today - Ертең, маусымның 11-і күні Ташкентте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер Мемлекет басшыларының мәжілісіне қатысу үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақтау қаласының әуежайынан Өзбекстанға ұшып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ресми БАҚ сілтеме жасай отырып.

Бүгін Қазақстан Президенті Мәжіліске қатысуға келген ШЫҰ-ға мүше елдердің Мемлекет басшыларымен бірге Өзбекстан өнер шеберлерінің концертін тамашалайды.

Ал ертең ШЫҰ-ға мүше елдер Мемлекет басшыларының шағын құрамдағы мәжілісіне, онан кейін кеңейтілген құрамдағы мәжілісіне қатысады. Мәжістің соңында қорытынды құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны