06.05.2011, 09:45 3525

ҚР президенті ШЫҰ-ның Астанада өтетін мерейтойлық саммитінің мәселелері жөнінде кеңес өткізді

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер он жыл ішінде аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты бірлесіп қамтамасыз ету үшін сындарлы іс-қимылдың берік негізін қалады. Нәтижелерге қол жеткізудің арқасында ШЫҰ халықаралық қатынастардың жаһандық жүйесіне айтарлықтай ықпал ететін беделді ұйымға айналды.

Астана. 6 - мамыр. Kazakhstan Today - Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ-ның Астанада өтетін мерейтойлық саммитінің мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер он жыл ішінде аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты бірлесіп қамтамасыз ету үшін сындарлы іс-қимылдың берік негізін қалады. Нәтижелерге қол жеткізудің арқасында ШЫҰ халықаралық қатынастардың жаһандық жүйесіне айтарлықтай ықпал ететін беделді ұйымға айналды.

Бүгінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жалпы аумағы 30 миллион шаршы километрге тең, яғни Еуразия аумағының жартысынан астамын құрайы, ал тұрғындарының саны 1,5 миллиард адамға жетті - бұл жер шарының барлық тұрғындарының төрттен бір бөлігі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны