16.04.2014, 19:53 7856

ҚР Президенті Су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы туралы жарлыққа қол қойды

Мемлекеттік бағдарламаның стратегиялық мақсаты су ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыру арқылы Қазақстан Республикасының су қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Алматы. 16 сәуір. Kazakhstan today. Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы Жарлыққа қол қойды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысының "Қазақстан-2050" стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатерінің бірі болып белгіленген болжамдалатын судың тым тапшылығы және сол үшін біздің мемлекеттің су ресурстарына қатысты жаңа саясат тұжырымдау қажет екені. Үкіметке дәйектілікпен, бірінші кезеңде 2020 жылға қарай - тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету, 2040 жылға қарай суару проблемасын шешетін ұзақ мерзімді бағдарлама жасауды тапсырылды", - деп ҚР Президентінің Икімшілігі әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің пікірінде айтылды.

Мемлекеттік бағдарламаның стратегиялық мақсаты су ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыру арқылы Қазақстан Республикасының су қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Бағдарлама экожүйені сақтау үшін су ресурстары тапшылығын болдырмау, халықты, экономиканың жоспарланған өсімін қамтамасыз ету, сондай-ақ су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру мәселесін шешуге бағытталған.

Су шаруашылығы инфрақұрылымды жетілдіру және дамыту, су ресурстарын тиімді пайдалану, елді мекендердің сумен қамту және су бұру жүйелерін жетілдіру, сондай-ақ су ресурстарын тиімді басқару бойынша шаралар есебінен 2020 жылға қарай су ресурстарының күтілетін тапшылығын қысқарту жөніндегі шаралар көзделген.

Ұсынылған шаралар бірінші кезеңде 2020 жылға қарай су тұтынуды ЖІӨ бірлігіне алғанда нақты мәнде 2012 жылдың деңгейіне алғанда 33%-ға төмендетуге мүмкіндік береді және бұл Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың басты индикаторы болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны