17.06.2008, 19:26 2877

ҚР президенті Таяу Шығыстағы арнаулы өкіл Тони Блэрді қабылдады

ҚР президенті Таяу Шығыстағы арнаулы өкіл Тони Блэрді қабылдады

Астана. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "квартеттің" (БҰҰ, Еуропалық Одақ, АҚШ пен Ресей Федерациясы) Таяу Шығыстағы арнаулы өкілі Тони Блэрді қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Н. Назарбаев Таяу Шығысты реттеу процесіндегі бұрынғы Ұлыбритания прмьерінің рөлін жоғары бағалады. Президент Қазақстан көршілерімен қауіпсіздікте және бейбітшілікте өмір сүру бойынша Израиль мемлекетінің құқығы және тәуелсіз мемлекет құру, босқындар мен басып алынған аумақтарды қайтару жолымен өзін-өзі анықтау бойынша Палестин халқының заңды құқықтарын ескере отырып, Таяу Шығыс проблемасын әділетті шешуді қолдайды деп мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Тони Блэрдің назарын Қазақстанның сыртқы саясаттағы маңызды бастамаларына, атап айтқанда, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес пен Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер басшыларының съезіне аударды.

Н. Назарбаев жақында Дінаралық қайырымдылық қорын құрған Т. Блэрді Астана қаласында 2009 жылдың күзінде өтетін ІІІ Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер басшыларының съезіне қатысуға шақырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны