24.02.2014, 19:21 6130

ҚР Президенті ТМРА төрағасымен кездесті

Ақордадан хабарлағандай, М.Оспанов Мемлекет басшысына Агенттіктің 2013 жылғы жұмыс қорытындылары мен биылғы жылға арналған жоспарлар туралы баяндады.

Алматы. 24 ақпан. Kazakhstan today. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспановпен кездесті.

Ақордадан хабарлағандай, М.Оспанов Мемлекет басшысына Агенттіктің 2013 жылғы жұмыс қорытындылары мен биылғы жылға арналған жоспарлар туралы баяндады.

Кездесу барысында тариф саясатын жетілдіру жөніндегі негізгі шаралар, сондай-ақ тарифтерді қалыптастырудың ашықтығын қамтамасыз ету, реттелетін қызметтер сапасын арттыру және табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне бақылауды күшейту мәселелері талқыланды.

Қазақстан Президенті монополистердің тарифтерді өсіру нәтижесінде алынатын қаражаттарды мақсатты пайдалануын қатаң бақылауды қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев шағын және орта бизнесті дамыту үшін барынша қолайлы жағдайлар жасаудың, сондай-ақ инвестиция тарту мақсатында мемлекет-жекеменшік серіктестігі тетігін кеңірек қолданудың маңыздылығын атап өтті.

Агенттік төрағасы Мемлекет басшысын табиғи монополиялар субъектілерінің инвестицияларының өсу қарқыны және саланы жаңғыртудың нәтижелері туралы хабардар етті. Капитал салу тозу деңгейін төмендетуге және ысырапты едәуір қысқартуға ықпал еткені атап өтілді. Атап айтқанда, 2006 жылдан бастап олардың деңгейі іс жүзінде жартылай төмендеген, сондай-ақ отынды, шикізатты, материалдар мен энергияны тұтыну азайған.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны