03.09.2012, 16:08 3623

ҚР президенті үкіметке БСҰ-на ену жөніндегі заңнамалар топтамасын әзірлеуді тапсырды

"Елдің сыртқы және ішкі қарызын қадағалауды күшейту керек. Мұндағы негізгі мәселе -Қазақстанда БСҰ-на ену алдында және бірыңғай экономикалық кеңістік жағдайында тиімді экономикалық қатынастарды қамтамасыз ету", деді Н.Назарбаев.

Астана. 3-қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін V шақырылымдағы Қазақстан Парламенті 2 сессиясының ашылуында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке БСҰ-на ену барысындағы тиісті заңнамалық топтаманы әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Елдің сыртқы және ішкі қарызын қадағалауды күшейту керек. Мұндағы негізгі мәселе -Қазақстанда БСҰ-на ену алдында және бірыңғай экономикалық кеңістік жағдайында тиімді экономикалық қатынастарды қамтамасыз ету", деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы үкіметке БСҰ- на енгенде қабылданатын Қазақстанның сертификаттық міндеттемелері бойынша арнайы заңнамалық топтаманы дайындауды тапсырды.

"Біздің саясатымыз аймақтық нарықтардың ұзақ мерзімді болжамдарына арналатын сағат сайынғы талдау жасауға негізделуі тиіс. Қазақстандық құрамды қолдаудың жүйесін толығымен қайта қарауымыз керек. Исіресе қайта өңдеу, аграрлық кешен және нанобәсекеге қабылетті салаларда", деп атап өтті мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент үкіметке "Самұрық - Қазына" Қорымен бірлесе отырып, әлемдік тәжірбиені саралап, қазақстандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетудің өзіндік үлгісін әзірлеуді тапсырды.

"Аграрлық, индустриалдық -инновациялық, қаржылық сектор үшін жаңа заңнамалық нормалар енгізудің маңызы зор. Заң шығарудағы басты мәселе -қайта қалпына келтірілетін энергетика, экологиялық жағынан таза технологияларға негізделген жасыл экономикаға өтудің құқықтық негізін құру. "Жасыл көпір" жаһандық бастамасының мәні де осы. Біз бұл туралы өзімізге қатысы жоқ, тек болашақта ғана болатындай атқанымызбен, бұл маңызды бағдарлама" деді Президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны