03.09.2012, 16:31 2837

ҚР президенті үкіметке ілеспелі газға байлынасты мәселелерді шешуді тапсырды

Бұл туралы бүгін V шақырылымдағы Қазақстан Парламентінің 2 сессиясы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

Астана. 3-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан жеріндегі ілеспе газдар инвесторлардың меншігі емес, мемлекеттің мүлкі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін V шақырылымдағы Қазақстан Парламентінің 2 сессиясы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

"Қазақстанда ілеспе табиғи газдың бірнеше онжылдыққа, тіпті одан да көп уақытқа жететін қоры бар. Біздің инвесторлар жер қойнауынан алып жатқан ілеспе газдар олардың меншігі емес, мемлекеттің мүлкі. Үкімет тиімді жүйені қарастыруы қажет. Біз газға бай батыс өңірде көптеген газ, бу электр стансаларын сала аламыз. Осылайша Екібазтұзға балама энергия ағыны қалыптасады. Ол экологиялық тұрғыдан алғанда таза, арзан болмақ. Бұл өте ауқымды мәселеге әлі кіріскен жоқпыз", - деді Елбасы.

Сонымен қатар, өз сөзінде Мемлекет басшысы биогаздың артықшылығын да алға тартты.

"Ауыл шаруашылығындағы биогазды бүкіл әлем кеңінен қолданады. Ауыл шаруашылығы қалдықтары биогаздың айтарлықтай ауқымды көлемімен қамтамасыз ете алады. Қазақстан жеріндегі егіс алқаптарының 90%-да ешбір химикат қолданылмайды және экологиялық жағынан таза. Біз осы бағыттағы жұмысты күшейтетін болсақ, Қазақстан өзінің таза экологиялық өнімдерімен әлемге таныла алады", - деп толықтырды Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны