29.05.2015, 15:08 4044

ҚР Президенті: Үкіметтіӊ өз бетінше жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп, Парламент өкілеттігін кеӊейту қажет

Үкіметтіӊ өз бетінше жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп, Парламент өкілеттігін кеӊейту қажет. Бұл туралы бүгін Ақмола облысына қарасты Бурабай кентінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттер делегациялары басшыларымен кездескен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты

Астана. 29 Мамыр. Kazakhstan Today - Үкіметтіӊ өз бетінше жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп, Парламент өкілеттігін кеӊейту қажет. Бұл туралы бүгін Ақмола облысына қарасты Бурабай кентінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттер делегациялары басшыларымен кездескен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Біздіӊ істеріміздіӊ барлығы ашық болуы тиіс. Егер ол мемлекеттік құпия болмаса, онда ол ақпарат қолжетімді болуы тиіс. Үкіметтіӊ шешімдері, әсіресе, жергілікті бюджет жергілікті парламентпен (мәслихатпен) қоғамдық ұйымдар мен адамдардыӊ қатысуымен ашық шешілуі тиіс және әрбір деӊгей тұрғындар алдында жарты жыл сайын есеп беріп, сауалдарына жауап беруі қажет", - деді Елбасы, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

ҚР Президенті Парламент пен Үкіметке мол құқық беру қажеттігін де ерекше атап өтті.

"Илі күнге дейін бізде президенттік билік. Өздеріӊіз де президенттік биліктіӊ күшті вертикалі қалыптасқанын білесіздер. Орта тап өкілдері саныныӊ өсуіне қарай оны әлсіретіп, Үкіметке өз бетінде жұмыс істеуге мүмкіндік, ал Парламентке мол өкілеттік беру қажет шығар", - деді Н.Назарбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны