28.01.2014, 19:51 3350

ҚР Президенті ҰҚК төрағасымен кездесті

Кездесу барысында азаматтар мен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы негізгі бағыттар, сондай-ақ халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды.

Алматы. 28 қаңтар. Kazakhstan today. ҚР Президенті Н. Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Ибіқаевпен кездесті,деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Н.Ибіқаев Қазақстан Президентіне ведомствоның қазіргі қызметі және алдағы кезеңдегі басымдығы бар міндеттері туралы баяндады", - делінген хабарламада.

Кездесу барысында азаматтар мен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы негізгі бағыттар, сондай-ақ халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны