08.05.2015, 21:36 4022

ҚР Президенті ҰОС туралы тарихи фактілерді бұрмалап жүргендердіӊ әрекетін жөнсіз деп атады

Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы Отан соғысыныӊ қорытындылары туралы тарихи фактілерді соӊғы уақыттарда жиі бұрмалап жүргендердіӊ әрекетін жөнсіз деп атады

Астана. 08 Мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы Отан соғысыныӊ қорытындылары туралы тарихи фактілерді соӊғы уақыттарда жиі бұрмалап жүргендердіӊ әрекетін жөнсіз деп атады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Өкініштісі, соӊғы уақытта кейбір саясаткерлер мен мемлекеттердіӊ Ұлы Отан соғысыныӊ қорытындысына тексеру жүргізгісі келіп, тарихи фактілерден ауытқып, бұрмалауы байқалады. Меніӊше, біздіӊ бәріміз үшін мұндай әрекет ешкімге абырой әкелмейді. Ұлы Жеӊіс туралы ақиқатты сақтап, сондай алапат соғыс қайталанбасы үшін болашақ ұрпақ есінде қалдыруымыз қажет. Бүгінде біз өткен тарихтан барлығы сабақ алмағанын көріп отырмыз, өткенніӊ қателіктері қайталанып жатыр", - деді ҚР Президенті, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны