Система Orphus

ҚР Президенті: Жаһандық дағдарыс - бұл қауіппен қатар жаӊа мүмкіндіктер

30.11.2015, 12:11 1589

Астана. 30 қараша. Kazakhstan Today - Жаһандық дағдарыс - бұл қауіппен қатар жаӊа мүмкіндіктер, деді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Қазақстан халқына Жолдауын жариялау барысында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жаһандық дағдарыс - бұл қауіппен қатар жаӊа мүмкіндіктер. Илемдік масшатбтағы көптеген компаниялар дәл дағдарыс тұсында табысты бола білді. Соӊғы жарты жүз жылдықта жетістікке жеткен мемлекеттердіӊ барлығы бәрін жоқтан бастады. Мәселен біздіӊ Қазақстан, ол Кеӊес одағы құлдыраған тұста дүниеге келді", - деді Н.Назарбаев, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Елбасы атап өткендей, Қазақстан егемендігін қалыптастыру барысында алғашқы он жылда мұнайсыз өмір сүрді.

"Тәуелсіз Қазақстан әрқашан сыртқы экономикалық берекесіздікке қарамастан дамып келді. Біз тәуелсіздігімізді жариялаған 90-жылдардыӊ алғашқы жартысы қолайлы болды ма?. 90-шы жылдардыӊ алғашқы жартысы дағдарыс, жұмыссыздық, жалақысыз, зейнетақысыз, біз барлығын өткердік. Біз бұл аласапыран кезеӊде абыроймен өткере білдік. Енді өзгерістердіӊ алғашқы нәтижелерін сезіне бастағанда қаржы дағдарысы келіп тағы бір соққы берді. 97-98 жылдары Оӊтүстік-Шығыс Азияға қаржы дағдарысы келді, ресейлік рубль құлдырады, ал сол кездегі мұнай бағасыныӊ бір баррелі 10 доларға дейін төмендеді. Осы кезеӊді де біз абыроймен өткердік", - деп атап өтті ҚР Президенті.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны