19.06.2008, 18:58 2930

ҚР президентіне ядролық қарумен күреске қосқан айрықша үлесі үшін Жапонияның жоғары мемлекеттік наградасы табысталды

ҚР президентіне ядролық қарумен күреске қосқан айрықша үлесі үшін Жапонияның жоғары мемлекеттік наградасы табысталды

Токио. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Жапония императоры Акихито Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Жапонияның жоғарғы мемлекеттік наградасы - "Ақ таспадағы хризантема" орденін табыс етті. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Ерлан Байжанов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Орден ядролық қарусыздану ісіне қосқан ерекше үлесі, бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік, толеранттық пен ұлтаралық келісімді нығайту жөніндегі жаһандық бастамалары үшін берілді", - деп толықтырды баспасөз хатшысы.

Өз кезегінде Н. Назарбаев император Акихитоға Қазақстанның жоғарғы мемлекеттік наградасы "Алтын қыран" орденін табыстады", - деп хабарлады Е. Байжанов. "Бұл награда екі халық арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға қосқан үлесі үшін тағайындалды", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны