24.04.2014, 20:31 3450

ҚР Президентіне "Самұрық-Қазына" АҚ трансформациялау бағдарламасы туралы баяндалды

Ақордадан хабарлағандай, кездесу барысында қордың қазіргі қызметінің мәселелері, алдағы кезеңге арналған міндеттер, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру барысы талқыланды.

Алматы. 24 сәуір. Kazakhstan today. Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады.

Ақордадан хабарлағандай, кездесу барысында қордың қазіргі қызметінің мәселелері, алдағы кезеңге арналған міндеттер, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру барысы талқыланды.

Қазақстан Президенті "Самұрық-Қазына" АҚ трансформациялау бағдарламасын әзірлеуді қыркүйекке дейін аяқтауды, оны қордың барлық корпоративтік органдарында талқылауды және Үкімет қарауына енгізуді тапсырды.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев алдағы кезде қор бірқатар орта және шағын компанияларын сатуды барынша ашық және әділ нарықтық баға бойынша жүргізуі тиіс екендігін атап өтті.

Ө.Шөкеев қорды трансформациялаудың корпоративтік орталықтар мен қордың еншілес компанияларының бизнесін басқару саясатын да өзгертуді қамтитын бағдарламасын әзірлеу барысы туралы баяндады.

Бұған қоса, "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы жекешелендірудің жаңа кезеңіне дайындық аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты. Атап айтқанда, ол қор құрамынан 200-ден аса компанияны шығару, сондай-ақ "КЕГОК" компаниясының өз акциясынан 10%-ын орналастыратын "Халықтық IPO" бағдарламасына қатысу жөніндегі жоспарлардан хабардар етті.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны