16.01.2017, 18:50 4186

ҚР Президентініӊ Икімшілігі басшысыныӊ орынбасары болған Бағлан Майлыбаев "Мемлекеттiк құпияларды заӊсыз жинау, тарату, жария ету" күдігімен ұсталды

Мекеменіӊ хабарлауынша, 14 қаӊтарда Астана қаласыныӊ Есіл аудандық соты 2 ай мерзімге қамауға алу санкциясын берді.

Астана. 16 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2017 жылғы 12 қаӊтарда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 185-бабы 1, 3-бөлігінде көзделген ("Мемлекеттiк құпияларды заӊсыз жинау, тарату, жария ету") қылмыстарды жасады деген күдікпен ҚР Президенті Икімшілігініӊ қызметкерлері болған Б. Майлыбаев және Н. Галихин ұстады,- деп хабарлайды Қазақстан Республикасыныӊ ҰҚК Баспасөз қызметі.

Мекеменіӊ хабарлауынша, 14 қаӊтарда Астана қаласыныӊ Есіл аудандық соты 2 ай мерзімге қамауға алу санкциясын берді.

Баспасөз қызметініӊ ақпаратына сәйкес, "аталған тұлғалар Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексініӊ 128-бабына сәйкес ҰҚК Тергеу изоляторына қамауға алынды".

"Күдіктілердіӊ және олардыӊ туыстарыныӊ тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер жүргізілді, заттай дәлелдемелер алынды. Тергеп-тексеру жалғасуда, оныӊ барысы және нәтижелері жөнінде қосымша хабарланатын болады",- делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Марат Тәжин ҚР Икімшілігі Басшысыныӊ бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылғы 12 қаӊтарда М.М. Тәжинді Қазақстан Республикасы Президентініӊ Икімшілігі Басшысыныӊ бірінші орынбасары қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

"Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасы Президентініӊ Икімшілігі Басшысыныӊ бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасыныӊ Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылсын", - делінген Жарлықта.

Мемлекет басшысыныӊ Жарлығымен Бағлан Асаубайұлы Майлыбаев Қазақстан Республикасы Президентініӊ Икімшілігі басшысыныӊ орынбасары қызметінен босатылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны