08.12.2012, 11:45 3707

ҚР президентінің атына РФ президентінен хат келді

В.Путин өз хатында Нұрсұлтан Назарбаевты ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу құқына өтінішті Астананың жеңіп алуымен құттықтаған.

Астана. желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына РФ президенті Владимир Путиннен хат келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

В.Путин өз хатында Нұрсұлтан Назарбаевты ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу құқына өтінішті Астананың жеңіп алуымен құттықтаған.

"Бұл ауқымды іс-шара достас Қазақстанның тарихы мен дәстүрін, әлеуметтік-экономикалық жаңаруларының жоғары нәтижелерін әлемдік қоғамдастыққа көрсетеді, Республиканың халықаралық аренадағы беделін одан әрі нығайтуға септігін тигізеді деп сенемін" делінген хатта.

В.Путин Ресей екі арасында қалыптасқан стратегиялық және одақтастық қарым-қатынастарды жалғастыра отырып, Астананың кандидатурасын алға жылжытуға белсенділікпен атсалысқанын атап өткен. Ол Екатеринбургте ЭКСПО-2020 көрмесін өткізу туралы ресейлік тараптан берілген өтінішке байланысты тығыз өзара іс-қимыл және тәжірибе алмасылатынына сенім білдіреді.

Ресей Федерациясының Президенті Мемлекет басшысына және Қазақстанның барша халқына игілік, өсіп-өркендеу және жаңа табыстар тілейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны