31.05.2012, 08:34 6432

ҚР президентінің атынан Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІV съезіне қатысушылардың құрметіне ресми қабылдау болды

Мемлекет басшысы қонақтарға съезге белсенді қатысқандары үшін алғысын айтты және аталған іс-шараның өткізілуінің маңыздылығын, оның аясында конфессияаралық диалогты нығайту жөнінде жаңа бастамалар айтылып жатқанын атап өтті. Иртүрлі діндер өкілдерінің бір үстел басында жиналуы форумның бірегейлігі болып табылады.

Астана. 31-мамыр. Kazakhstan Today - Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІV съезіне қатысушылардың құрметіне ресми қабылдау болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мемлекет басшысы қонақтарға съезге белсенді қатысқандары үшін алғысын айтты және аталған іс-шараның өткізілуінің маңыздылығын, оның аясында конфессияаралық диалогты нығайту жөнінде жаңа бастамалар айтылып жатқанын атап өтті. Иртүрлі діндер өкілдерінің бір үстел басында жиналуы форумның бірегейлігі болып табылады.

Съезд маңызды біріктіруші факторға айналып отыр және бейбітшілік пен өзара түсіністік мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Қазақстан Президенті сондай-ақ әлемдік діндер көшбасшыларының назарын өз қауымында толеранттылық пен діни диалог идеясын белсенділікпен алға жылжыту қажеттігіне аударды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны