23.10.2015, 12:10 4028

ҚР Президентініӊ Баспасөз қызметі Facebook желісінде жаӊа парақшаны іске қосты

ҚР Президентініӊ Баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Facebook әлеуметтік желісіндегі жұмыс форматыныӊ өзгеруі жөнінде түсініктеме берді

Астана. 23 Қазан. Kazakhstan Today - ҚР Президентініӊ Баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Facebook әлеуметтік желісіндегі жұмыс форматыныӊ өзгеруі жөнінде түсініктеме берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Президенттіӊ баспасөз қызметі 23 қазаннан бастап Facebook желісінде AkordaBaspasoz атты жаӊа парақшаны іске қосқалы отыр, деп хабарлайды 24.kz тілшісі.

Парақшадағы материалдар мемлекеттік тілде жарияланатын болады. Бұл арқылы елдегі және шет елдердегі қазақ тілді сайт пайдаланушылары үшін Мемлекет басшысыныӊ қызметі туралы маӊызды әрі қызғылықты ақпараттар алуға мүмкіндік туады.

Сонымен қатар, қолданыстағы AkordaPress контенті де тиісінше орыс тіліндегі жұмыс режіміне көшеді.

Аккаунттар мазмұны әркелкі аудиторияныӊ сұранысына бейімделетіндіктен, жаӊалықтардыӊ берілу формасында айырмашылық болады.

Біз уақыт талабына сай болуға тырысып, азаматтар күткен үдеден шығуға бағыт ұстап отырмыз. Пайдаланушылар бұл өзгерістерге лайықты бағасын береді деп сенемін", - деп мәлімдеді Д. Абаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны