05.03.2015, 16:05 3795

ҚР Президентініӊ кезектен тыс сайлауын өткізуге бөлінетін қаржы 5,5 млрд теӊге көлемінде қарастырылмақ

"Біз құзіретті мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргіздік, бөлінетін қаржы көлемі 5,5 млрд теӊге аясында болмақ", - деді министр

Астана. 5 наурыз. Kazakhstan Today - ҚР Президентініӊ кезектен тыс сайлауын өткізуге бөлінетін қаржы 5,5 млрд теӊге көлемінде қарастырылмақ, бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Біз құзіретті мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргіздік, бөлінетін қаржы көлемі 5,5 млрд теӊге аясында болмақ", - деді министр.

Айта кетейік, 26 сәуір күні Қазақстанда ҚР Президентініӊ сайлауы өтеді. Аталмыш шара ҚХА бастамасымен 2015 жылдыӊ 14 ақпанында ұсынылды, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны