24.12.2015, 20:41 5515

ҚР Президентініӊ Өкімімен зейнеткерлік жастағы бірқатар министрлер мен әкімдердіӊ өкілдіктері ұзартылды

Мемлекет басшысыныӊ Жарлығымен "Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заӊына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған келесі мемлекеттік саяси қызметшілердіӊ өкілеттіктері ұзартылды, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі

Астана. 24 желтоқсан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысыныӊ Жарлығымен "Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заӊына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған келесі мемлекеттік саяси қызметшілердіӊ өкілеттіктері ұзартылды, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Республикасыныӊ Энергетика министрі Владимир Сергеевич Школьниктіӊ - 2016 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы;

Ақмола облысыныӊ әкімі Сергей Витальевич Кулагинніӊ - 2018 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы;

Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтыӊ - 2020 жылғы 22 қарашаны қоса алғандағы;

Атырау облысыныӊ әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетовтіӊ - 2016 жылғы 1 қыркүйекті қоса алғандағы;

Қазақстан Республикасыныӊ Ауғанстан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Өміртай Мақашұлы Бітімовтіӊ - 2018 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы;

Қазақстан Республикасыныӊ Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Жұмағалиұлы Дәненовтіӊ - 2018 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылды, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысыныӊ Өкімімен "Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заӊына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған келесі мемлекеттік саяси қызметшілердіӊ өкілеттіктері:

Қазақстан Республикасы Президенті Кеӊсесініӊ бастығы Махмұд Базарқұлұлы Қасымбековтіӊ - 2018 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы;

Қазақстан Республикасы Иділет министрініӊ орынбасары Зәуреш Хамитқызы Баймолдинаныӊ - 2018 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы;

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрініӊ орынбасары Владимир Карпович Божконыӊ - 2016 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы;

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысыныӊ бірінші орынбасары Дабыр Қамысбайұлы Іӊкәрбаевтыӊ - 2016 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы;

"Қазақстан Республикасы Тұӊғыш Президентініӊ мұражайы" мемлекеттік мекемесініӊ директоры Алма Сағынғалидыӊ - 2016 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны