25.10.2011, 10:14 3728

ҚР президентінің Вьетнамға сапары аясында екі елдің бизнес форумы өтеді

"Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 30 қазан мен 1 қараша аралығында Вьетнам Социалистік Республикасы Президентінің шақыруымен осы елге ресми сапар жасайды",- деп мәлім етті Алтай Ибибуллаев.

Астана. 25-қазан. Kazakhstan Today - ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің Вьетнамға сапары аясында екі елдің бизнес форумы өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы журналистермен болған брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Ибибуллаев мәлім етті.

"Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 30 қазан мен 1 қараша аралығында Вьетнам Социалистік Республикасы Президентінің шақыруымен осы елге ресми сапар жасайды",- деп мәлім етті Алтай Ибибуллаев.

Оның айтуынша, Елбасы осы сапар аясында Вьетнамның жоғары басшылығының өкілдерімен кездесіп, осы кездесу барысында түрлі салалар бойынша өзара ынтымақтастықты қамтитын бірқатар құжаттарға қол қойылады деп күтілуде. Сонымен қатар екі елдің іскер топ өкілдерінің қатысуымен - Қазақстан-Вьетнам бизнес форумы өтеді. "Қазақстан Президентінің Вьетнамға тұңғыш сапары екі ел арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін береді деген сенім бар",-деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны