03.04.2014, 20:23 3470

ҚР Президентінің Жолдауы араб және мұсылман әлемі үшін үлкен мәнге ие - Ф. Синиора

Экс-Премьер-Министр, Ливан Парламенті "Ил-Мустакбаль" партиясы парламенттік блогының көшбасшысы Фуад Синиораның айтуынша, ҚР Президентінің Жолдауында айтылған даму бағыттары араб және мұсылман әлемі үшін үлкен мәнге ие.

Алматы. 3 сәуір. Kazakhstan today. Экс-Премьер-Министр, Ливан Парламенті "Ил-Мустакбаль" партиясы парламенттік блогының көшбасшысы Фуад Синиораның айтуынша, ҚР Президентінің Жолдауында айтылған даму бағыттары араб және мұсылман әлемі үшін үлкен мәнге ие.

Ф.Синиораның айтуынша, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында елдің болашағы айқындалып, басты мақсат - Қазақстанның 2050 жылға дейін әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену тапсырмасына жетудің жолдары көрсетілген.

Ф.Синиора Жолдауда айтылған даму бағыттары араб пен мұсылман әлемі үшін үлкен мәнге ие екенін айтты.

"Сіз ислам әлеміндегі талқылауымызда көрініс таппайтын маңызды мәселелерді назарға алдыңыз: экономикалық даму мен жаңғыру секілді алға ілгерілеушіліктер өте маңызды және тиімді біріктіруші ұстаным болып табылады", - делінген ҚР Президентіне Ф.Синиораның хатында.

Автордың айтуынша, Қазақстан, мұсылман мен араб елдері үшін үлгі бола отырып даму мақсаттарына қарай нық қадам басуда. Сөзінің соңында Ф.Синиора Нұрсұлтан Назарбаевқа денсаулық пен алға қойған мақсаттарды орындауда сәттілік тіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны