06.03.2013, 13:49 4153

ҚР Республикалық ұланының жаңа қолбасшысы тағайындалды

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Мұхтар Ақатұлы Аюбаев Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қолбасшысы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы қызметінен босатылды", - делінген ақпаратта.

Астана. 6-наурыз. Kazakhstan Today - Мұхтар Аюбаев Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қолбасшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Мұхтар Ақатұлы Аюбаев Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қолбасшысы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы қызметінен босатылды", - делінген ақпаратта.

Амангелді Смағұлұлы Шабдарбаев Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қолбасшысы қызметінен босатылды және әскери қызметте болудың шекті жасына толуына байланысты әскери қызметтен шығарылды.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің ақпараты бойынша Инуар Садықұлов Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны