23.07.2013, 16:28 4391

ҚР Салық комитеті мемлекеттік қызметкерлерге мағлұмдаманы тек электронды түрде тапсыруды міндеттеуді ұсынды

Салық комитетінің басшысы Ануар Жұмаділдаев мемлекеттік қызметкерлерді кірістер бойынша мағлұмдаманы тек қана электронды түрде тапсыруды міндеттеуді ұсынды.

Астана. 23-шілде. Kazakhstan Today - ҚР Салық комитеті мемлекеттік қызметкерлерге мағлұмдаманы тек электронды түрде тапсыруды міндеттеуді ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Салық комитетінің басшысы Ануар Жұмаділдаев мемлекеттік қызметкерлерді кірістер бойынша мағлұмдаманы тек қана электронды түрде тапсыруды міндеттеуді ұсынды.

"Барлық мемлекеттік қызметкерлер кірістер мен мүлік бойынша жыл сайынғы мағлұмдаманы тапсырады, олардың тек 30% ғана электронды түрде тапсырылады. Осыған байланысты, Серік Нығметұлы, барлық мемлекеттік қызметкерлерге оны тек электронды түрде тапсыруды міндеттеуді бекіту туралы ұсынысымызды қолдауыңызды сұраймын. Бұл мемлекеттік қызметтің бейнесінде жағымды сипат алады", - деді А.Жұмаділдаев бүгін Премьер-Министр Серік Ахметовтің қатысуымен өткен Қаржы министрлігі алқасында сөйлеген сөзінде.

Премьер-Министр аталған бастаманы қолдап, сәйкес тапсырмалар берді.

"Мен қарсы емеспін, мұны қандай нормативтік-құқықтық актпен жасауды зерттеуді тапсырамын. Министрдің бұйрығы жеткілікті болса, мұны бұйрық ретінде қабылдаңыздар", - деп тапсырды Серік Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны