22.04.2014, 20:24 3947

ҚР Сенаторлары ел өңірлерін аралайды

Бюро отырысының соңында Сенат Төрағасы жоғарғы Палатаның депутаттары 28 сәуір мен 5 мамыр аралығында еліміздің аймақтарына аттанатынын хабардар етті.

Алматы. 22 сәуір. Kazakhstan today. ҚР Парламентінің жоғары палатасының депутаттары ел өңірлерін аралайды. Бұл туралы Сенат Спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Бюро отырысында мәлімдеді.

Бюро отырысының соңында Сенат Төрағасы жоғарғы Палатаның депутаттары 28 сәуір мен 5 мамыр аралығында еліміздің аймақтарына аттанатынын хабардар етті.

Сенаттың баспасөз қызметі хабарлаған,дай, Сенаторлар сайлаушылармен кездесіп, әлеуметтік сала және экономиканың нақты секторының кәсіпорындарында болады.

Оған қоса, депутаттар Парламенттің қазіргі кездегі заң шығару қызметі және Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауында алға қойылған міндеттерді іске асыру барысы туралы жұртшылықты хабардар етеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны