03.03.2008, 13:17 3057

ҚР шекара қызметі мен әскери прокуратура арасында қарсыластық жоқ-Шымкент гарнизонының әскери прокуроры

ҚР шекара қызметі мен әскери прокуратура арасында қарсыластық жоқ-Шымкент гарнизонының әскери прокуроры

Алматы. 3 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР ҰҚК шекара қызметі мен әскери прокуратура арасында қарсыластық жоқ. Бұл туралы агенттік тілшісіне Шымкент гарнизонының әскери прокуроры, әділет подполковнигі Ербол Аппазов мәлімдеді.

Искери прокурор хабарлағанындай, Қазақстанның кейбір БАҚ құралдары Шымкент гарнизонының әскери құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесінде Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан әскери бөлімшелерінің қызметкерлері тарапынан жасалатын қылмыстыр саны жөнінде мәліметтер жарияланған болатын. Е. Аппазовтың сөздері бойынша, "бұл екі органдар арасында қылмыстарға қарсы күрес ісіндегі қатынастарды бүлдіріп, ҚР ҰҚК шегара қызмет мен әскери прокуратура арасында қарсыластық бар деген негізсіз қорытындылар жасалды".

Искери прокурордың мәліметтері бойынша , кеңесте айтылғанындай, өткен жылы ОҚО әскери қызметкерлері арасында тіркелген қылмыстар саны өсті. "Бұл жағдай шегара қызметін тиісті деңгейге жеткізу үшін, шегара қызметінде қосымша бөлімшелерді құрып, отрядтарда шекарашылардың санын ұлғайтуымен тікелей байланысты", -деп атап өтті Е. Аппазов.

Оның сөздері бойынша, «ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметкерлері арасындағы қылмыстар саны жылдан жылға азайып, жалпы әскердегі жағдай жақсарып келеді. Бұл әскери құқық қорғау органдары басшылары мен ҚР ҰҚК жетекшілерінің әскери қызметкерлері арасында құқық бұзушылықты алдын алу шараларын күнделікті жүргізіп жатқан жұмысының қорытындысы . Былтыр қылмыстар 30 пайызға кеміді», - деп есептейді әскери прокуроры.

Шымкент гарнизонында өткен Үйлестіру алқа жиналысы қылмыстарға қарсы күрес тәсілдері мен түрлерін жетілдіруге бағытталды, деп хабарлады Е. Аппазов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны