06.04.2015, 17:00 3704

ҚР СІМ Баспасөз қызметініӊ Йемендегі Қазақстан азаматтары бойынша түсініктемесі

Йеменде тұрақты өмір сүретін тағы бір қазақстандық азамат Саханова Гүлмираныӊ Санада қалғаны туралы хабар Қазақстанныӊ Масқаттағы Елшілігіне 4 сәуір күні кешкі уақытта келіп түсті

Астана. 6 сәуір. Kazakhstan Today - Ү. ж. 4 сәуірде Йемен уақыты бойынша шамамен сағат 14-те ҚР Омандағы Елшілігініӊ қолдауымен Қазақстан Республикасыныӊ 5 азаматы - Оспанов Дастан жұбайы және баласымен, Ақжанова Ильмира нәресте баласымен Ресей ТЖМ ұшағымен Йемен жерінен шығарылған болатын, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Йеменде тұрақты өмір сүретін тағы бір қазақстандық азамат Саханова Гүлмираныӊ Санада қалғаны туралы хабар Қазақстанныӊ Масқаттағы Елшілігіне 4 сәуір күні кешкі уақытта келіп түсті, деп хабарлайды www.mfa.kz тілшісі.

Азаматшаныӊ туысқандарынан алынған байланыс телефон нөмірлері арқылы ҚР Омандағы елшілігі Г. Сахановамен хабарласып, оныӊ елден эвакуациясы ресей тарапымен ертеӊге келісілді.

Қазіргі уақытта азаматшамызға қауіп төніп тұрған жоқ. Қазақстанныӊ Омандағы Елшілігі мен ҚР Сыртқы істер министрлігі аталған мәселені қатаӊ қадағалауда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны