02.04.2014, 19:58 1660

ҚР СІМ басшысы АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісімен кездесті

ҚР СІМ-нен хабарлағандай, сауда және инвестиция саласы келіссөздердің маңызды тақырыбына айналды. ҚР СІМ Басшысы біздің мемлекетіміздің америкалық компаниялардың Қазақстанның индустриялды-инновациялық бағдарламасында белсенді қатысуына мүдделі деген Елбасы тезистерін қайталады. Сонымен қатар ол американдық компанияларды ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырды.

Алматы. 2 сәуір. Kazakhstan today. 1 сәуір күні ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша Көмекшісі Ниша Десаи Бисвалмен оның Қазақстанға сапары аясында кездесті.

Кездесу барысында тараптар ҚР Президенті Н.Назарбаев пен АҚШ Президенті Б.Обаманың Ядролық қауіпсіздік саммиті шеңберінде (Гаага, 24-25 наурыз) өткізген келіссөздерінің қорытындыларын талқыға салып, Қазақстан мен АҚШ арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын қарастырды. Тараптар екі елдің сыртқы саяси ведомство басшылары Е.Ыдырысов пен Дж.Керри тең төрағалық ететін стратегиялық әріптестік жөніндегі Комиссияның жұмысын қанағаттана атап өтті.

ҚР СІМ-нен хабарлағандай, сауда және инвестиция саласы келіссөздердің маңызды тақырыбына айналды. ҚР СІМ Басшысы біздің мемлекетіміздің америкалық компаниялардың Қазақстанның индустриялды-инновациялық бағдарламасында белсенді қатысуына мүдделі деген Елбасы тезистерін қайталады. Сонымен қатар ол американдық компанияларды ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырды.

1993 жылдан бері қазақстандық экономикаға құйылған американдық инвестицияның көлемі 25 млрд. АҚШ долларын құрады. Біздің елімізде экономиканың негізгі секторларында 300-ден аса бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді. 2013 жылы Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауарайналым 2,75 млрд. АҚШ долларын құрап, 2012 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 9%-ға артты.

Е.Ыдырысов пен Н.Бисвал алдыңғы жылы Астанада қазақстан-американдық ғылымыи-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Комиссияның іске қосылуының маңызын атап өтті. Бұл ҚР мен АҚШ арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Келісімді іске асырудағы және АҚШ-пен ғылыми-техникалық саладағы ықпалдастықты алға тартудағы айтарлықтай жетістігі болып табылды.

Сұхбаттастар халықаралық саясат пен аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері, соның ішінде Украинадағы ахуал бойынша пікір алмасты.

Келіссөздер нәтижесінде тараптар ҚР мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестікті әрі қарай кеңейту мен тереңдету қажеттілігі туралы өзара түсіністікке келді.

Сондай-ақ, Н.Бисвал Астанада Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде сөз сөйлеуі жоспарланған. 2 сәуір күні американдық дипломаттың сапары Алматыда жалғасатын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны