07.04.2014, 19:12 1722

ҚР СІМ басшысы ҰҚШҰ мен ТМД Сыртқы істер министрлерінің Кеңесіне қатысты

3-4 сәуір аралығында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Ресей Федерациясына ресми сапары болып өтті. Мәскеуге сапары аясында, ресейлік әріптестерімен екіжақты кездесулерден басқа, ҚР сыртқы саяси ведомство басшысы көпжақты форумдар жұмысына қатысты.

Алматы. 7 сәуір. Kazakhstan today. 3-4 сәуір аралығында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Ресей Федерациясына ресми сапары болып өтті. Мәскеуге сапары аясында, ресейлік әріптестерімен екіжақты кездесулерден басқа, ҚР сыртқы саяси ведомство басшысы көпжақты форумдар жұмысына қатысты.

Сыртқы істер министрлігінен хабарлағандай, 3 сәуір күні Ұжымдық қауіпсіздік Шарты Ұйымының Сыртқы істер министрлерінің Кеңесіне қатысып, оның шеңберінде ҰҚШҰ мүше мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлері сыртқы саяси қызметті үйлестіру аспектілерін, халықаралық жағдайдың негізгі даму тенденцияларын, сонымен қатар Ұйымның жауапкершілік аясындағы басқа да қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқыға салды.

Отырыс қорытындысы бойынша сыртқы саясат, қауіпсіздік пен қорғаныс мәселелері жөнінде ҰҚШҰ мүше мемлекеттері өкілдерінің кеңесу Жоспары бекітілді.

Отырыс барысында ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері Кеңесінің Ауғанстанда алдағы уақытта өтетін Президент сайлауына байланысты және Сириядағы ахуал бойынша бірлескен Мәлімдемесін бекітіп, ұйымдастыру және үдерістік сипаттағы бірқатар шешімдер қабылдады.

ҰҚШҰ СІМК келесі отырысы 2014 жылдың екінші жартысында ҰҚШҰ мемлекет басшылары деңгейіндегі Ұжымдық қауіпсіздік Кеңесінің кезекті сессиясының қарсаңында Мәскеуде өтетін болады.

4 сәуір күні Е.Ыдырысов ТМД сыртқы істер министрлерінің кезекті Кеңесіне қатысты.

Сыртқы саяси ведомство басшылары халықаралық саясаттағы өзекті мәселелерді, соның ішінде Украинадағы соңғы жағдайларды талқыға салды. 2013 жылға арналған ТМД аясындағы көпдеңгейлі сімаралық кеңестердің Жоспарын іске асыру барысы қарастырылды. Аталған құжат 10 консультацияларыд, соның ішінде БҰҰ, ЕҚЫҰ шеңберіндегі өзара ықпалдасу мәселелері жөнінде кеңес өткізу, қарусыздану саласындағы ынтымақтастық және басқа да мәселелер бар.

Отырыс барысында есірткі айналымын халықаралық қадағалау жүйесін сақтап қалу және нығайту жөнінде ТМД СІМК Мәлімдемесі қабылданды. Онда БҰҰ-ның орталықтанған үйлестіруші рөлін күшейту қажеттілігі аталып өтіліп, ғаламдық наркотрафик мәселелесін шешуде халықаралық күш-жігердің тиімділігін арттыру жолдары туралы конструктивті үнқатысуға дайын екендігі расталды

Күн тәртібі мәселелерінің бірі ТМД жоғары органдары - Мемлекет басшыларының кеңесі және Үкімет басшыларының кеңесінің мазмұндық бөлігін дайындау болды. Осыған орай, "2016 жылды ТМД білім жылы деп жариялау", "Онкологиялық ауруларға қарсы әрекеттер жасау саласындағы ынтымақтастық тұжырымдамасының жобасы туралы", "2020 жылға дейінгі кезеңге ұлттық спорт түрлерін қолдау және дамыту бағдарламасы мен оны 2015-2017 ж.ж. аралығында іске асыру жоспары", "Топогеодезия саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісім мен ТМД мүше мемлекеттерінің қарулы күштерін навигациялық қамтамасыз ету жобалары туралы", "Гуманитарлық минасыздандыру саласындағы қарулы күштердің инженерлік әскердің ынтымақтастығы туралы келісім" жобалар қарастырылып, мақұлданды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны