18.10.2017, 18:22 4505

ҚР СІМ "Қазақстан - Ұлы дала елі" қосымшасын таныстырды

Қосымша география, тарих, мәдениет, экономика, туризм және халықаралық қатынастар сияқты кеӊ ауқымды тақырыптарды қамтитын Қазақстанныӊ шынайы ықшам энциклопедиясы болып табылады.

Астана. 18 қазан. Kazakhstan Today - ҚР СІМ "Қазақстан - Ұлы дала елі" атты мобильді қосымшасын таныстырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қосымша география, тарих, мәдениет, экономика, туризм және халықаралық қатынастар сияқты кеӊ ауқымды тақырыптарды қамтитын Қазақстанныӊ шынайы ықшам энциклопедиясы болып табылады. Жүздеген бірегей фотосуреттер, бейнеклиптер, 3D нысандар, панорамалар, инфографиктер мен интерактивті карталар және басқа да пайдалы ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған.

Қосымша Қазақстанға туристік немесе іскерлік мақсатпен келуді жоспарлайтын шет ел азаматтары үшін, сондай-ақ туристер, студенттер, зерттеушілер, журналистер мен бизнесмендер үшін таптырмайтын құрал болады.

Қосымшаны AppStore, PlayMarket, Windows және веб-нұсқа арқылы жүктеуге болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны