18.06.2012, 18:07 3074

ҚР СІМ Қазақстандағы оралмандар мен босқындар құқықтарының ахуалы туралы арнайы баяндамасын ұсынады

Бұл туралы брифингіде ҚР СІМ ресми өкілі Алтай Ибибуллаев мәлім етті.

Астана. 18-маусым. Kazakhstan Today - ҚР СІМ Қазақстандағы оралмандар мен босқындар құқықтарының ахуалы туралы арнайы баяндамасын ұсынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы брифингіде ҚР СІМ ресми өкілі Алтай Ибибуллаев мәлім етті.

"21 маусымда Сыртқы істер министрлігінде Елбасы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия және БҰҰ Жоғары комиссарының босқындар ісі жөніндегі басқармасының өкілдігімен ұйымдастырылған "Қазақстандағы оралмандардың, азаматтығы жоқ адамдар және босқындар құқықтарының ахуалы туралы" арнайы баяндамасының тұсаукесер рәсімі өтеді", - деді А.Ибибуллаев.

Оның айтуынша, аталған шараға ҚР Парламентінің өкілдері, мемлекеттік органдар, қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың басшылары және Астанада орналасқан барлық шетелдік елшіліктер мен халықаралық ұйымдар басшыларының қатысуы жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны