20.11.2015, 19:26 4611

ҚР СІМ: Малидегі қонақ үйде кепілге алынғандар арасында қазақстандықтар жоқ

ҚР СІМ-ніӊ алдын ала ақпаратына сәйкес Мали астанасы Бамакодағы қонақ үйде кепілге алынғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ

Астана. 20 қараша. Kazakhstan Today - ҚР СІМ-ніӊ алдын ала ақпаратына сәйкес Мали астанасы Бамакодағы қонақ үйде кепілге алынғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы Қазақстан Республикасыныӊ Сыртқы істер министрлігі Twitter-дегі парақшасында хабарлады, деп хабарлайды 24.kz тілшісі.

Естеріӊізге сала кетейік, бұған дейін Мали астанасы Бамакода содырлар Radisson Blu қонақ үйін басып алып, 170 адамды тұтқынға алған еді. Қамауда отырғандардыӊ арасында Түркия, Үндістан, Қытай және Франция азаматтары бар. Бұл қонақ үй көптеген халықаралық ұйымдар мен Air Franc eәуе тасымалдаушысы үшін аса танымал орталық. Осыдан кейін Air France басшылығы Парижден Мали астанасы және кері бағытта жоспарланған әуе сапарларын кейінге шегеруді ұйғарған. Қазір күштік құрылымдар ғимаратты қоршауға алған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны