10.07.2014, 19:35 3204

ҚР СІМ он мемлекетпен арада визасыз қатынау жүйесін енгізді

Қазақстан елімізге қысқа уақытқа келгісі келетін 10 елдің ааматтары үшін визасыз жүйені енгізді, деп ОКҚ өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев мәлім етті.

Алматы. 10 шілде. Kazakhstan today. Қазақстан елімізге қысқа уақытқа келгісі келетін 10 елдің ааматтары үшін визасыз жүйені енгізді, деп ОКҚ өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев мәлім етті.

Маусымның 12 күні өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің жалпы отырысында мемлекет басшысы 10 елге визасыз жүйені енгізу бойынша пилоттық жобаның іске қосылғанын мәлім еткен болатын.

Жобаны жүзеге асыру бойынша арнайы заң жобасы жасалды. Енді АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Малайзия, Нидерланды, БАИ, Корея Республикасы мен Жапония елдерінің азаматтары шекараны асып өткен соң 15 күнге визалық талаптардан босатылады.

Айта кетерлік жайт, пилоттық жоба ағымдағы жылдың 15 шілдесінен бастап тура 1 жылға заңды күшіне енеді.

"Бұл бастама екі жақты байланысты нығайтуға, әлеуетті инвесторға қолайлы жағдай жасауға және туристерді тартуға бағытталған. Визасыз жүйе елімізге қысқа мерзімге келгісі келген, тізімде көрсетілген елдердің барлық тұрғындарына қатысты", - деп Р.Жошыбаев атап өтті.

Вице-министрдің айтуынша, бұл Қазақстанға туризм саласын дамытуда тың серпіліс береді. Бұдан басқа шағын және орта бизнесті дамытуда, жаңа жұмыс орындарын ашуда, мемлекет қазынасын толтыруда оң нәтиже күтілуде.

"Біздің есептеуімізше, пилоттық жобадағы 15 күн біздің елімізбен танысуға, келіссөздер жүргізуге жетерлік", - деді ол.

Сонымен қатар, ол Қазақстан экономикасына шетелдік капитал тартылған елдердің ішінде көшбасында, деп ағынан жарылды. "Сонымен, 2005 пен 2013 жыл аралығында елімізге 183 млрд доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылды", - деді Р.Жошыбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны