15.04.2014, 20:39 3414

ҚР СІМ-де қазақстан-британ қарым-қатынасының болашағы талқыланды

ҚР Кедендік комитеттің мәліметтеріне сәйкес, 2013 жылы тауар айналым көлемі 2,1 млрд АҚШ долларын құраған (экспорт - 1,5 млрд., импорт - 0,6 млрд.). Ұлыбритания Қазақстан экономикасына инвестиция құятын үшінші ел (Нидерланды мен АҚШ-тан кейін).

Алматы. 15 сәуір. Kazakhstan today. Бүгін Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары баронесса Сайида Варси екіжақты қарым-қатынастың әрі қарай даму болашағын талқылады.

Сонымен қатар, тараптар бірқатар халықаралық өзекті мәселелерді талқыға салды, деп Сыртқы істер министрлігінде хабарлады.

Е.Ыдырысов пен баронесса Варси сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның жұмысының маңыздылығын атап өтті. Оған арнайы жұмыс топтары мен қазақстан-британдық сауда-өнеркәсіп кеңесі кіреді. Сауда-экономикалық қарым-қатынас екі елдің екіжақты ықпалдастық кешенінің негізі болып табылады.

ҚР Кедендік комитеттің мәліметтеріне сәйкес, 2013 жылы тауар айналым көлемі 2,1 млрд АҚШ долларын құраған (экспорт - 1,5 млрд., импорт - 0,6 млрд.). Ұлыбритания Қазақстан экономикасына инвестиция құятын үшінші ел (Нидерланды мен АҚШ-тан кейін). ҚР Ұлттық банкінің мәліметтерінше, Қазақстан экономикасына құйылған тікелей британдық инвестиция көлемі 2005 жыл мен 2013 жылдың қыркүйек айы арасында 10 млрд. АҚШ долларын құраған.

Үкіметраралық комиссия аясындағы келесі кездесулер мамыр айында Астана экономикалық форумы шеңберінде Астанада және қазан айында дәстүрлі Қазақстандық бизсен-форум шеңберінде Лондонда өтеді деп күтілуде.

СІМ-де өткен келіссөздер барысында тараптар Д.Кэмеронның Астанаға сапары кезінде келісімге қол жеткізілгендей, визалық режимді әрі қарай жетілдіру мен қазақстандықтар үшін британдық визаны алу процедурасын жеңілдеті мәселелерін талқыға салынды.

Сондай-ақ, Е.Ыдырысов пен баронесса Варси Қазақстан мен Ұлыбританияның құқықтық салалардағы ынтымақтастық болашағын қарастырды. Сонымен қатар, кездесуде Қазақстанның 2017-2018 ж.ж. аралығына БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелікке сайлануға жасап жатқан кампания туралы сөз болды.

Халықаралық күн тәртібіне тоқтала келе, Е.Ыдырысов пен баронесса Варси Украинадағы жағдайды, Иран ядролық бағдарламасын, сондай-ақ президенттік сайлау мен халықаралық коалицияның негізгі әскери күштерін 2014 жылдың соңына дейін өз аумағынан шығару үдерісі аясындағы Ауғанстандағы мәселелерге қатысты пікір алмасты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны