07.04.2015, 15:45 3862

ҚР СІМ-де қазақстан-герман ынтымақтастығыныӊ мәселелері талқыланды

Кездесу барысында елдердіӊ екіжақты ынтымақтастығыныӊ және ЕО шеӊберіндегі ықпалдастығыныӊ басым мәселелері талқыланып, халықаралық күн тәртібініӊ еӊ өзекті мәселелері, атап айтқанда, Украинадағы жағдайды реттеу, Иран ядролық бағдарламасы, Ауғанстан тұрақты дамуы мәселелері туралы пікір алмасылды

Астана. 7 сәуір. Kazakhstan Today - 7 сәуірде ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ГФР Бундестагыныӊ Вице-президенті Йоханнес Зингхаммермен кездесу өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі

Кездесу барысында елдердіӊ екіжақты ынтымақтастығыныӊ және ЕО шеӊберіндегі ықпалдастығыныӊ басым мәселелері талқыланып, халықаралық күн тәртібініӊ еӊ өзекті мәселелері, атап айтқанда, Украинадағы жағдайды реттеу, Иран ядролық бағдарламасы, Ауғанстан тұрақты дамуы мәселелері туралы пікір алмасылды, деп хабарлайды www.mfa.kz тілшісі.

Е. Ыдырысов сұхбаттасын ГФР-дыӊ 2016 жылы ЕҚЫҰ төрағалығына сайлануымен құттықтап, Ұйым алдында қойылған мәселелер шешіміне Қазақстанныӊ барынша қолдау көрсеуге дайындығын растады.

Сұхбат барысында Қазақстан мен Германия қатынастары өзара тиімді ынтымақтастық және сындарлы диалог сипатында өз дамуын жалғастыруда деп атап өтілді. Германия Қазақстанныӊ ЕО елдерініӊ жетекші саяси және сауда серіктестерініӊ тобына кіреді.

Биыл Қазақстан-герман сауда экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобыныӊ, Стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі іскер кеӊесініӊ және Қазақстан Республикасында тұратын этникалық немістер мәселелері жөніндегі үкіметаралық комиссиясыныӊ кезекті отырыстары жоспарланған.

Е. Ыдырысов Қазақстанда бұрын тұрған және қазір тұрып жатқан этникалық немістер екі ел арасын байланыстырып тұратын буын рөлін атқарады деп атап өтті. Қазақстандағы ұлтаралық және конфессия аралық бейбітшілік пен келісімді сақтау саясаты шеӊберінде неміс қауымдастығыныӊ, оныӊ бай мәдениетініӊ, тілі мен дәстүрлерініӊ даму мәселесіне зор көӊіл бөлінеді. Қазақстанда облыстық неміс этномәдени бірлестіктер жұмыс істейді, республикалық "Deutsche Allgemeine Zeitung" газеті басып шығарылады, "Видергебурт" Қазақстан немістерініӊ ассоциациясы белсенді жұмыс істейді.

Сұхбаттастар Қазақстан мен ЕО ынтымақтастығы туралы сөз қозғаған кезде, биыл қол қойылуы жоспарланған Кеӊейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы жаӊа келісімшарттыӊ әлеуетін жүзеге асыру, ғылым мен технология салаларындағы ықпалдастық және визалық тәртіпті жеӊілдету мәселелерін талқылады.

Еуроодақ Қазақстанныӊ басты сауда және инвестициялық серіктесі екені атап өтілді. Соӊғы 10 жылда Қазақстан мен ЕО арасындағы сауда айналымы 13 есе, ал қазақстандық экономикаға тартылған еуропалық инвестициялардыӊ көлемі 10 есе өсті. 2014 жылдыӊ қорытындылары бойынша ЕО-мен сыртқы сауда көрсеткіші 53 млрд. доллардан асты, бұл ҚР сыртқы сауда айналымыныӊ 53,2%-н құрайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны