17.01.2014, 19:22 3880

ҚР СІМ-де ККО кезекті отырысы өтті

2013 жылда ККО мүшелері алты тақырыптық кездесулер откізіп, нәтижесінде демократияны дамыту, құқықтың ұлықтылығы мен адамның жеке құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша 157 ұсыныс қабылданды.

Алматы. 17 қаңтар. Kazakhstan today. ҚР СІМ-де Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың басшылығымен Консультативті-кеңес органның (ККО) "Адами өлшем бойынша диалогтық алаң" пленарлық мәжілісі өтті. Мәжіліс барысында қатысушылар 2013 жылғы жұмыстардың қорытындысын жан-жақты талқылап, 2014 жылы жасалатын жұмыстардың басты бағыттарын анықтады, еп Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"2013 жылда ККО мүшелері алты тақырыптық кездесулер откізіп, нәтижесінде демократияны дамыту, құқықтың ұлықтылығы мен адамның жеке құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша 157 ұсыныс қабылданды. Ұсыныстар елдегі демкоратиялық жүйені одан әрі жетілдіру ісінде азаматтық сектор, ҚР Үкіметі пен Парламенті арасындағы өзара іс-әрекетті оңтайландыруға бағытталған. Барлық ұсыныстар Елбасы "2050 Стратегиясында" белгілеген Қазақстанның саяси дамуының басымдықтарына, сондай-ақ адам құқығы және демократия саласындағы халықаралық міндеттемелерге сәйкес қалыптасты. 157 ұсыныстың жартысынан көбі мақұлданып, атқарушы органдар мен Парламент жұмыстарында ескерілді. Қалған ұсыныстар бойынша 2014 жылы жұмыс жасалатын болады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, кездесу мүшелері Консультативті-кеңес органының 2014 жылға арналған жоспарын мақұлдады. Жоспарға сәйкес, алаңның тоқсанаралық кездесулерінде мақұлданған ұсыныстарды іске асыру механизімін іске қосу, Қазақстанның саяси дамуы жөнінде қосымша мәселелерді талқылау, 2013 жылғы ұсыныстардың ревизиясын өткізу, сонымен қоса Парламент, министрліктер мен ведомстволармен Қазақстанның ұлттық заңнамасын одан әрі жетілдіру бойынша ынтымақтастықты нығайту көзделген.

Кездесу қорытындысы бойынша, Е.Ыдырысов үкіметтік органдардың, соттың, заңнамалық биліктің және азаматтық қоғамның бірлескен бір жылдық жұмысы өз жемісін бергенін атап өтті. Консультативті-кеңес органының қатысушылары арасында "тек қана тыңдау емес, сонымен қоса естуге" негізделген өзара ынтымақтастықтың жаңа мәдениеті қалыптаса бастады. Дәл осындай көзқарас саяси үдерістің барлық қатысушыларына бірлескен күш-жігер арқылы Қазақстанның тұрақты әрі қадымды дамуына, сонымен қатар Консультативті-кеңес органының 2014 жылғы жұмысын тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны